УДК 32.019.51

СОЦИОЛОГИЯ ЗНАНИЯ И ТЕАТР: ВЗАИМОСВЯЗЬ С КОНСУЛЬТИРОВАНИЕМ

Насимов Мурат Орленбаевич1, Паридинова Ботагоз Жаппаровна1
1Университет "Болашак" (Кызылорда)

Аннотация
Социология знания - теоретическая область социологии, изучающая с различных теоретико-методологических позиций проблематику социальной природы знания. В сферу интересов социологии знания входит анализ социальной природы знания (социология знания в узком смысле); мышления, его исторического развития (социология мышления), когнитивных систем и познавательной деятельности общества (социология познания) и основания социологии (социология социологии). Театр - зрелищный вид искусства, представляющий собой синтез различных искусств -литературы, музыки, хореографии, вокала, изобразительного искусства и других и обладающий собственной спецификой: отражение действительности, конфликтов, характеров, а также их трактовка и оценка, утверждение тех или иных идей, главным носителем которого является актёр. Авторы статьи знакомят о роли театра в современной жизни человека и его консультативные технологии, которые происходят косвенными путями. Анализируются роль театра в воспитании современного человека в контексте социологии образования. В настоящее время состояние и проблемы современного воспитательного процесса становятся предметом обсуждения философов и социологов и приобретают дискуссионный характер. Поэтому, рассмотрение темы в контексте социологии образования имеет характер субдисциплинарного исследования.

SOCIOLOGY OF KNOWLEDGE AND THEATRE: INTERRELATION WITH CONSULTATION

Nassimov Murat Orlenbaevich1, Paridinova Botagoz Zhapparovna1
1University "Bolashak" (Kyzylorda)

Abstract
The Sociology of knowledge is the study of the relationship between human thought and the social context within which it arises, and of the effects prevailing ideas have on societies. It is not a specialized area of sociology but instead deals with broad fundamental questions about the extent and limits of social influences on individual's lives and the social-cultural basics of our knowledge about the world. Theatre is a collaborative form of fine art that uses live performers to present the experience of a real or imagined event before a live audience in a specific place. The performers may communicate this experience to the audience through combinations of gesture, speech, song, music or dance. Elements of design and stagecraft are used to enhance the physicality, presence and immediacy of the experience. Authors of article acquaint about a theatre role in modern human life and its advisory technologies which occur indirect ways. Are analyzed a theatre role in education of the modern person in a context of sociology of knowledge. Now a condition and problems of modern educational process become a subject of discussion of philosophers and sociologists and gain debatable character. Therefore subject consideration in a context of sociology of knowledge has nature of subdisciplinary research.

Keywords: actor, cinematography, education, Sociology of knowledge, theatre


Рубрика: Социология

Библиографическая ссылка на статью:
Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Социология знания и театр: взаимосвязь с консультированием // Гуманитарные научные исследования. 2013. № 6 [Электронный ресурс]. URL: http://human.snauka.ru/2013/06/3361 (дата обращения: 03.10.2017).

«Әлеуметтану Энциклопедиясында» төмендегідей анықтама ұсынылады: «Білім әлеуметтануы (ағылшын – Sociology of knowledge) – білімнің әлеуметтік табиғаты мәселелерін түрлі теориялық-әдістемелік ұстанымдар бойынша зерттейтін әлеуметтанудың теориялық саласы. Бұл түсініктің қызығушылық салаларына енеді: білімнің әлеуметтік табиғатын сараптау; ойлау және оның тарихи дамуы (ойлау әлеуметтануы); қоғамның когнитивтік жүйелері мен танымдық қызметі (таным әлеуметтануы), әлеуметтанудың негізделуі (әлеуметтанудың әлеуметтануы)» [1]. Демек, ұғымның сипаттамалық белгілері ойлау және таным әлеуметтануымен ұштасып жатыр.

Сондықтан білім әлеуметтануы қоғам өмірінде пайда болған идеялар төңірегіндегі адам ойы мен әлеуметтік түсініктер мәні арасындағы өзара байланыс. Аталмыш түсінік әлеуметтанудың мамандандырылған саласы болмаса да, адам өміріне әлеуметтік ықпалдың деңгейі бойынша іргелі сұрақтарға кеңінен жауап беріп, дүние жөніндегі адамзат білімінің әлеуметтік-мәдени мәселелерін негіздейді [2].

Түсініктің ғылыми айналымға енуі жөнінде бір ғалымдар алғаш рет австриялық философ Вильгельм Иерузалем (Wilhelm Jerusalem) 1909 жылы негіздеді десе [3], келесі зерттеушілер 1920 жылдары неміс философы М. Шелер (Max Scheler) [1]  қолданғанын атап көрсетеді. Кейінірек неміс әрі британдық философы және әлеуметтанушысы К. Мангейм (Karl Mannheimойлаудың әлеуметтік-тарихи шарттарын айқындап зерттеу жұмыстарын жүргізсе, феноменологиялық түсіндірмелерін автриялық әлеуметтанушы П.Л. Бергер (Peter Ludwig Bergerжәне неміс әлеуметтанушысы Т. Лукман (Thomas Luckman ұсынды [4]. Дегенмен, түсініктің тарихи тамырлары мен қайнар көзі Платон еңбектерінен келе жатқаны анық [3, 74-77 бб.].

Білім әлеуметтануының негізі тәрбие беру және кеңес беру мәселелелерімен тығыз байланысты деп ойлаймыз. Себебі, тәрбие жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Өз кезегінде ол кеңес беру технологияларын жанама түрде қолданады. Бұл тұста қоғам мүшелеріне кеңес беруде өнер туындыларының алатын рөлі зор және білім әлеуметтануында лайықты орнын табатынына толықтай сенімдіміз. Мақала авторларының бірі осы уақытқа дейін кеңес беру мәселелерін зерттеумен айналысып келе жатқандықтан 2012 жылғы жарияланымында кинематография арқылы саяси кеңес берудің жолдарын [5] анықтаған болатын. Ал осы еңбекте театр өнерінің кеңес берудегі маңыздылығы мен білім әлеуметтануындағы орнын анықтауды міндет қылып отырмыз.

Театр (грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады [6].

Жалпы театр өнері арқылы көрермен ұстаным бағытын алады, мәдени тәрбиеленеді. Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық артисі, профессор Е. Обаев «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатында былай деп ой қорытады: «Ал біздегі ең басты тақырып – адам, адамды зерттеу тақырыбы. Адам мұңы, қуанышы, егемендігі, құқығы, болмысы… Осы тақырыптар көрерменді қыздырады. Себебі, сахнада адам тағдыры сөз болады. Ол тағдырға сіз міндетті түрде қатысасыз. Өйткені, ол тағдырға сіздің – көрерменнің де байланысы бар. Сондықтан көбіне адами тақырыптағы туындыларды ұсынамыз…» [7]. Аталған жағдайларға қарап, сахнадағы қойылымдар арқылы көрерменнің қазіргі қоғамда қалай өмір сүруге болатындығына бағыт беретіндігі байқалады. Осы сұхбатында театр жетекшісі журналист Е. Әбдірұлының: «Режиссер ретінде айтыңызшы, елдегі кейінгі саяси, әлеуметтік мәселелерге қатысты спектакль қояр ма едіңіз», – деген сауалына, төмендегідей жауап береді: «Қояр едім. Бірақ театрды саяси сахнаға айналдыруға болмайды. Театр мақсаты – ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Театр дегеніміз – тіл. Театр дегеніміз – тарих. Театр дегеніміз – мешіттің бір түрі. Театр дегеніміз – мектеп. Осылардың бәрін қосқанда, синтетикалық театр өнері шығады». Сондықтан ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихи қойылымдар арқылы тарихымызды таныту қоғам мүшелерін саяси әлеуметтендіру арқылы кеңес береді. Е. Обаев өнерге биліктің көзқарасы жақсы деп айта алмайтындығын, билік ешқашан театрға дұрыс көзқараспен, идеологиялық мекеме ретінде мән беріп қарамайтындығын да осы сұхбатында мойындайды.

Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры 2008 жылдың наурыз айындағы репертуарындағы мына спекткльдердің әлеуметтік-саяси маңызы ерекше деп атап өтуімізге болады: Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымы экологиялық тақырыпты қозғаса, Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтары» қазақ хандығының қалыптасуын суреттейді, Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір» музыкалық драмасы бейбітшілікке үндейді. Сонымен қатар, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтеретін «Актриса», «Күзгі романс» драмалары, «Әпке» мелодрамасы осы наурыз айының репертуарында көрсетілген [8].

Сондықтан қоғамда лайықты өмір сүру басымдығының көріністері және жаңа әлеуметтік ұстанымдар үрдісін құруда мәдени капитал маңызды рөл атқарады. Аталмыш капиталды арттыру және жетілдіре түсу жолындағы театрдың қызметі ерекше екендігін атап өткіміз келеді. Театр өнері қоғамдық ой-сананың негізгі формасы ретінде халықтың күнделікті өмір-салтындағы құндылықтарды айқындап, жағымсыз құбылыстар мен қасиеттерді көрсетеді. Кейде оған жету және арылу жолдарына таңдау жасауға ой тудырады. Адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы ретінде театр кеңес беру арқылы білім әлеуметтануының құрамдас бөлігі қызметінде көмек қолын созатындығы анық деп ойлаймыз.


Библиографический список
  1. Социология знания // [Электрондық ресурс]. – Көру режимі: http://ru.wikipedia.org/wiki/Социология_знания
  2. Weeks P. Sociology of knowledge // [Электрондық ресурс]. – Көру режимі: http://www.stthomasu.ca/academic/soci/weeks/3523.htm
  3. Куренной В.А. Социология знания // Современная западная философия. Энциклопедический словарь. / Под ред. О. Хеффе, В.С. Малахова, В.П. Филатова при участии Т.А. Дмитриева. – М.: Культурная революция, 2009. – С. 74.
  4. Бергер П., Лукман Т. Социальное конструирование реальности. Трактат по социологии знания / Пер. с англ. Е. Руткевич. - М: Academia-Центр; Медиум, 1995. - С. 323.
  5. Насимов М.Ө. Кинематография арқылы саяси кеңес берудің жолдары // «Қазіргі заманғы Қазақстанның инновациялық дамуы және ғылымға деген сұранысы» атты жас ғалымдардың VІ халықаралық конференциясы материалдары. 4 бөлім: қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар. – Алматы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, 2012. – 296-300 бб.
  6. Театр [Электрондық ресурс]. – Көру режимі: http://kk.wikipedia.org/wiki/Театр
  7. Әбдірұлы Е. Актер деген балшық, оларды илеу керек // Жас қазақ. – 2007. – 26 қазан
  8. Иватова Л.М., Насимова Г.Ө., Насимов М.Ө. Саяси жарнама: теория және тәжірибе. – Алматы, 2008. – 110 б.


Все статьи автора «Насимов Мурат Орленбаевич»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться: