Электронный научно-практический журнал «Гуманитарные научные исследования» » Насимов Мурат Орленбаевич

Гуманитарлық технологиялардың білім беру мен жастарды тәрбиелеудегі рөлі
Роль гуманитарных технологии в образовании и воспитании молодежи

Смаилова Рабига Кыстаубаевна1, Паридинова Ботагоз Жаппаровна 2

1заместитель директора по учебной работе колледжа университета «Болашак»

2магистр философии, старший преподаватель колледжа университета «Болашак»

Мемлекетіміздің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолы білім беру және тәрбие беру жүйесін жоспарлы түрде құру болып табылады. Бүгінгі күнде ХХІ ғасырдың көшбасшы мемлекеті болу білім беру арқылы тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыруда жатыр. Білім әлемдегі барлық мемлекеттердің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Тәрбие жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Сондықтан қазіргі бәсекелестік заманындағы шарттар бойынша оқытудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жүйесінің маңызы зор. Қазіргі заманғы философияның өзі гуманизм дағдарысына ұшырағаны жасырын емес. Дағдарыстың негізгі себебі – адамзаттың рухани-адамгершілік дамуы ғылыми-техникалық прогрестен артта қалуында деген пікірдеміз.

Білім беру тұлғаның қоғам талаптарын игеру жағдайындағы және оны реттеп отыратын тұлғаның қалыптасу процесі болып табылады. Бұл адам баласының оқу нормасы, тәрбиесі және әлеуметтік құндылықтарды игеру дағдысы ретінде саналады. Сондықтан білім беру процесі арқылы тәрбие жүргізу келесі сатылар негізінде дамиды: имитация – ересектердің мінез-құлқын кішкентай балалардың көшіруі; ойындық – бала мінез-құлықты оның мағыналық рөлі ретінде атқаруы; топтық ойындар – рөлдер негізінде күтілетін мінез-құлық.

Жастарға білім беру мен тәрбиелеудегі негізгі міндеттер тұлғаның рухани, адамгершілік, шығармашылық дамуының жоғарғы деңгей сапалық белгілеріне сәйкес болуы тиіс. Білім берудегі жаңа міндеттер тәрбие мәніне жаңа түсініктер береді. Тәрбие қызметінің қазіргі заманғы тұжырымдамалары бойынша негізгі мәселелер төмендегідей: 1) тұлға дамуын басқару үрдісі; 2) тұлға дамуының шарттарын құру бастамасы; 3) тұлғаны әлеуметтендіру үрдісін бақылау; 4) тұлға дамуындағы психологиялық және педагогикалық қолдау үрдісі.

«Технология» термині тек ғылымда ғана емес, күнделікті өмірде де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге қазіргі шетелдік және қазақстандық ғылымда берілген түсінікке қатысты нақты ұғымдар жоқ. Ғылыми әдебиетте «технология» ұғымы алғаш рет машина, фабрикалар мен өндірістік индустрияның ХVІІІ ғасырларда Европада дамуы барысында, ал Кеңестік ғылымда бұл термин ХІХ ғасырдың басында қалыптасты. Оның пайда болуы И.А. Двигубскийдің химиялық технологияға қатысты «Начальные основания технологии, или краткое показание работ, на заводах и фабриках производимых» (1808 ж.) оқу құралы, «Технологический журнал» (1840 ж.) топтамасының жарық көруі мен «Курс химической технологии» (1851 ж.) оқулығының шығуымен байланысты.

Демек, химияда «технология» арнайы ғылыми термин ретінде бекітілді. Қызметтің өзге салалары мен ғылыми әдебиетте «технология» түсінігінің орнына «өнер», «іс» секілді терминдер жиі қолданылады.

Сонымен бірге, технология ұғымын жеке түсінік ретінде ғылымға енуіне «техника» терминінің қолданылуы кедергі келтіріп, көп жағдайда «технология» ұғымын ауыстырып отырды. Сондықтан ғылыми пәндер классификациясында технология ұғымын техникалық ғылымдармен байланыстырылып отырады.

Дегенмен, кейбір зерттеушілер технологияның техникалық пәндерінен бөлек ғылым салаларында кеңінен пайдалануға болатынын дәлелдейді. М. Корач пікірінше, техника адамның табиғатты игеруін көрсететін өркениет пен мәдениеттің бір саласы болып табылады және бұл салаға экономикалық қызметтегі материалдық құралдарға жетудің мақсаттарын енгізеді.

Басқа зерттеушілер техникалық ғылымдарды екі үлкен топқа бөледі:

1) техника мен еңбек құралдарының материалдық құрылысы туралы ғылым;

2) техникалық жүйелердің құрылымы мен қызметтері туралы ғылым. Олар технологияны ғылымның екінші тобына жатқызып, оның көптеген бағыттарын ерекшелейді: металл өңдеу технологиясы, машина жасау технологиясы, құрылыс өндірісінің технологиясы, химиялық технология және т.б.

А.Д. Бондаренко «техника» және «технология» терминдерінің эволюциясын сараптай келе, оның келесі хронологиялық кезеңдерін көрсетеді:

Бірінші (ХІХ ғ. басы – ХІХ ғ. үшінші ширегі): «технология» терминінің арнайы әдебиетке енуі және оның химия мен химиялық өндірісте бекітілуі.

Екінші (ХІХ ғ. үшінші ширегі – ХІХ ғ. соңы): «техника» терминінің кең тарауы және оның табиғат күшін игерудегі дағдылар, икемдер, тәсілдер мен білімдердің жиынтығы ретінде түсініктеме берілуі.

Үшінші (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. бірінші ширегі): «техника» терминінің үстемдігі және оның адамзат қызметінің жеке салаларында кәсіпқойлық ретінде түсініктеме берілуі.

Төртінші (ХХ ғ. екінші ширегі): «технология» терминінің дамуы, оның өндірістің барлық салаларында таралуы және бекітілуі. Технология ғылыми және тәжірибелік дифференцияға ұшырады. «Техника» терминімен еңбектің материалдық нұсқалары белгіленді.

Бесінші (ХХ ғ. үшінші ширегі): «техника» мен «технология» терминдерін қолдануға қатысты қатал талаптар. Теориялық технологияның пәнін негіздеу қолға алынды. «… материя өмірінің формалық өзгерістерін зерттеуге бағытталған процестерді зерттейтін ғылым…» Берілген кезеңді зерттеушілер ғылыми технологияның бекітілуімен байланыстырады.

Алтыншы (ХХ ғ. соңғы ширегі): технологияның әрі қарай дифференциялануы, теориялық бөлімінің қалыптасуы мен дамуы. Техника термині бөлінді және жеке категориялық түсінік ретінде қалыптасты [1].

Бүгінгі күндегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлар педагогикалық ұстанымдарды қайта қарап, тәжірибелі, сапалы білім беру арқылы болашақ мамандарды даярлаумен қатар, білім берудегі рухани-адамгершілік, ақпаратты шығармашылық және сыни өңдей алатын, құбылыстарды терең сараптайтын технологияларды қажет етеді. Оның негізгі рөлін гуманитарлық технологиялар атқарады. Гуманитарлық технологиялар – стратегиялық сипаттағы болашаққа болжам жасау, көпшілікке жария ету және даралығын танытатын әлеуметтік жүйелерді басқару әдістерінің кешені болып табылады.

Сондықтан «технология» түсінігінің мазмұны көпқырлы. Оның ғылыми шеңберінде теориялық және тәжірибелік салалары қоғамдық даму мәселесін шешу барысында қиындықтар туындатады.

«Технология» түсінігі ең алдымен шаруашылық өндірісі, техникалық прогресс, техникалық конструкциялар мен өндірістік процесс жүйелерімен байланысты. Сонымен бірге, технология материалдық өндіріс саласының пайда болуы арқылы дамыды.

Гуманитарлық технологиялар бойынша индивидтің әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді айқындауда «мінез-құлық стратегиясы» термині кеңінен қолданылады. Бұл ұғымды институтталған жүйешіктердің келісім теориясындағы өзара байланыстарды қарастыратын «әлем» түсінігімен қарастыруға болады. Ғылымда мұндай әлемнің жеті түрі көрсетілген:

1)нарықтық әлем; 2) индустриалдық әлем; 3) дәстүрлік әлем; 4) азаматтық әлем;  5) қоғамдық пікір әлемі; 6) экологиялық әлем; 7) шабыттану және шығармашылық қызметі әлемі.

Көрсетілген әлем түрлері сипаты мен құндылықтарына қарай бөлінеді:

1. Ақпарат көзіне қарай: нарықтық әлем – баға; индустриалдық әлем –техникалық және технологиялық стандарттар; дәстүрлік әлем – дәстүр, сенім аңыздар мен салт-дәстүр; азаматтық әлем – заңдар, мінез-құлық ережелері; қоғамдық пікір әлемі – саяси жарнама, өсек-аяң; экологиялық әлем – қоршаған ортаның жағдайы туралы мәлімет; шабыттану және шығармашылық  қызметі әлемі – дарындылық.

2. Мінез-құлық нормаларының басымдығына қарай: нарықтық әлем – индивид қажеттілігінің жоғарылығы; индустриалдық әлем – өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету; азаматтық әлем – жеке мүдделерді ұжыммен байланыстыру; қоғамдық пікір әлемі – танымалдылық жетістігі; экологиялық әлем – адамдар арасында өзара байланыстарды экология талаптарымен байланыстыру; шабыттану және шығармашылық қызметі әлемі – қайталанбас нәтижеге жету мүмкіндігі.

3. Институтталған жүйешіктер пәндік белгілері бойынша бөлінеді: нарықтық әлем – әлеуметтік өзара байланыстардың негізі болып табылатын тауар мен ақша; индустриалдық әлем – құрал-жабдық; дәстүрлік әлем – табыну құралдары; азаматтық әлем – қоғамдық игілік; қоғамдық пікір әлемі – мәртебе көрсеткіштері; экологиялық әлем – табиғат нысандары; шабыттану мен шығармашылық әлемі – өнертабыс және инновациялар [2, 58-68 бб.]. Демек, аталған жеті әлем бір-бірімен өзара байланысты және өз кемшіліктерін біріге реттеп отыруға мүмкіндіктері бар.

Жалпы гуманитарлық технологияларды білім берудегі инновация ретінде қарастырамыз. Білім беру процесінде инновацияның маңыздылығы зор. Инновация – жүйені жаңарту, дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, жаңа сапалық белгілерге өту жолы. Білім берудегі инновациялық ізденіс гуманитарлық технологиялар түсінігіндегі парадигмалар өзгерісіне байланысты. Сондықтан оқыту процесіне инновациялар енгізу уақыт талабына сай болуы тиіс. Бұл бағытта гуманитарлық технологиялардың білім беру процесіндегі маңыздылығын ескерген жөн.

Инновациялық педагогикалық процестер әлеуметтік зерттеулер мен педагогикалық тәжірибе салаларының пәні ретінде зерделенуі елімізде кеш қалыптасты. Әлемдік педагогикалық қауымдастық бұл мәселеге ерекше қарайды. Мәселен, ЮНЕСКО жанында әлемнің барлық елдеріндегі педагогикалық тың жаңалықтар жиынтығын жүйелеп, ақпарат беретін білім беруді дамытудағы педагогикалық инновациялар орталығы қызмет атқарады.

Инновация адамзат секілді өмір циклінен өтеді. Инновация дамуының келесі кезеңдері бар: 1) инновацияның пайда болуы; 2) оның қалыптасуы және нақты ортада жылдам өсімі; 3) кемелденуі, оның өзге ортаға кең таралуы; 4) жаңа бастамалардың дәстүрге айналуы.

Дәстүрге айналған инновацияның төртінші сатысы ұзақ уақыт қоғам үшін қажетті болады. Бірақ, оның қажеттілік шарттары өзгерсе, инновациялық дамудың бесінші кезеңі қалыптасып, дағдарысқа ұшырау байқалады [3, 125 б.].

Еліміздегі гуманитарлық технологиялардың қазіргі жағдайын талдауға байланысты оның екі мен үшінші сатылары арасында десек те болады. Бүгінде ол қоғамның барлық салаларына кеңінен тарап, білім беру мен тәрбиелеудегі маңызы артты. Біздің ойымызша, саяси-әлеуметтік, философиялық, діни, ұйымдастыру-басқару, әлеуметтік-мәдени инновациялардың педагогикалық инновацияларға ықпалы мол.

Қорыта айтсақ, гуманитарлық технологиялар білім берудегі инновациялық дамудың деңгейі мен жастар тәрбиесіндегі құндылықтарды айқындауға ықпал жасайды. Болашақ мамандарға қазіргі қоғамға қажетті кәсіби шеберлікті орындауға тәрбиелейді. Білім беру мен тәрбиелеу интеграциясы әлемнің жаһандық мәдениеті мен өзара түсіністік арасындағы байланыстың адамзат тұлғасының даму көрсеткішін танытады. Сондықтан білім беруді модернизациялау қоғам мүшелерінің ойлары мен қызметінің нәтижесі саналады.

Халықаралық қатынастардың дамуындағы спорттың негізгі қызметтері
Спорт маңызды әлеуметтік феномен ретінде қоғамдық өмірдің барлық саларында жоғары бағаланған, қоғамның тіршілік әрекеттеріне зор ықпал жасайтын физикалық және интеллектуалды мүмкіншіліктерді үйлестіретін дене мәдениетінің құрамдас бөлігі. Бүгінгі күнде ол ұлттық қатынастар, іскерлік өмір, қоғамдық тұрмыс, сән үлгілері, адамгершілік құндылықтары мен адамдардың өмір салтын қалыптастыруға мол әсер ететіні анық.

Өткен жылдың 27 шілдесі мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өткен отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары спорт пен саясат тікелей өзара байланысты және келешекте де ажырамайтындығын дәлелдеді. Ал осы жылғы үлкен додада ел спортшылары Қазақстан мерейін үстем етіп, ҚР Сыртқы істер министрлігінен де жоғарғы деңгейде мемлекетіміздің халықаралық имиджін жоғарылата түсті. Спортшылар жетістіктері әлемнің барлық бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болды. Ауыр атлеттердің додада Қытай Халық Республикасынан кейін бір алтын айырмашылықта екінші орында орналасуы баға жетпес нәтиже.

Олимпиадалық ойындар антика дәуірінен бастап бейбітшілік символы ретінде танылған еді. Уақыт өте келе, халықаралық спорттық додалар саясилану деңгейі жоғарылады. Жалпы өткен ғасырда спорттық сайыстар жаһанданумен бірге, саясилана бастағанын 1980 жылғы Олимпиада ойындарына батыс елдерінің бойкот жариялап қатыспауы және төрт жылдан кейін жауап ретінде Кеңестік блоктың  Лос-Анджелестегі ойындарына қатыспауынан байқау қиын емес. Спорттың саяси науқаншылдығын 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасындағы лаңкестік қайғылы оқиғаға қарамастан КСРО билігінің Одақтың 50 жылдық мерейтойына байланысты 50 алтын медаль иелену міндеттелген мақсаттарын жалғастыруын да атап кеткен жөн шығар. Осы жылғы ойындарда Белорусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко екі жыл бұрынғы сайлаудағы азаматтық қоғам мен демократиялық оппозицияға қарсылығы үшін және Аргентина Президенті Кристина Фернандес де Киршнер Фолкленд аралы төңірегіндегі мәселелерге байланысты Олимпиаданың ашылуына да қатыса алмады.

Бұл ұсынылып отырған мәселенің саясилануындағы кемшілік жағы. Десек те, оның жағымды жақтары ұшан-теңіз. Жалпы спорт халықаралық қатынастардың дамуына үлес қосатын төмендегідей төрт негізгі қызмет түрлерін атқарады:

Спорттың халықаралық қатынастардағы ықпалдастық қызметі. Қазіргі спорт үшін көптеген халықаралық спорттық байланыстар тән. Спорт саласындағы халықаралық ықпалдастық процесінің дамуына ұзақмерзімді екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі халықаралық спорттық байланыстар тәжірибесіне енді. Спорт саласында халықаралық спорттық байланыстардың институтталған базасы қалыптасты. Спорттың жеке түрлерінің дамуын басшылыққа алатын ұлттық және халықаралық спорт федерациялары, түрлі комитеттер, федерациялар, қауымдастықтар мен одақтар жұмысы соның дәлелі.

Спорт ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуына жағымды ықпал жасап, ұлттың бірігуіне себепші болады. Халықаралық қатынастардағы спорттың ықпалдастық қызметін орындауға оның өзіне тән коммуникативтік мүмкіндіктері ықпал жасайды. Өйткені, спорт тілі бәріне түсінікті, нәсіл, діни сенім, идеологиялық көзқарастарға тәуелді емес.

Спорттың халықаралық қатынастардағы бітімгерлік қызметі. Спорт әлем тарихында әріптестікті дамыту, мәдени және саяси байланыстарды орнату мен қолдауда көп септігін тигізді. Классикалық мысал ретінде 1971 жылы стол теннисінің Америка Құрама Шттаттары спортшылары командасының Қытай Халықтық Республикасына сапары дипломатиялық байланыстардың ілгері дамуына жол ашты. Қарым-қатынасты дамыту әрекетін ҚХР спортшылары бір жылдан кейін тағы да жалғастырды. Сонымен қатар, Қытай Жапониямен экономикалық және дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін волейболдан әйелдер ұлттық құрамасын шақырған болатын. Демек, спорттық ойындардағы ережелер ынтымақшылдыққа тәрбиелеп, қақтығыстарды күш қолдану арқылы емес, ережелерді сақтау негізінде шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

Спорттың халықаралық қатынастардағы нышан-белгілік қызметі. Спорт додада белгіленген модельдер, мағыналар мен мүдделер кешенімен байланысты қызмет атқарады. Әсіресе спорттық жарыстар бәсекелестіктің бейбіт моделінің мүмкіндігі мен артықшылықтарын көрсетеді. Демек бейбітшілік нышаны ретінде спорт бәсекелестікте «қару» қолданылғанын қаламайды. Сонымен қатар, спорттық бәсекелестік барысында әділдік пен теңдік мүмкіндіктері берілген демократиялық принциптер дәрежесі сақталады.

Спорттың халықаралық қатынастардағы әлем мәдениеті педагогикасының тәрбиешілік қызметі. Соңғы жылдары спорттың әлем мәдениеті құндылықтарын ынтымақшылдық пен қақтығыстарды бейбіт шешудегі толеранттылыққа үндеу тәрбиесіне бағытталған педагогикалық қызметі жүзеге асуда. Спортшылар қызметі әлем мәдениеті құндылықтары жүйесінде маңызды рөлге ие демократиялық нормалар мен принциптерге негізделген мінез-құлықты тәрбиелеуге ықпал жасайды.

Сондықтан да спорттық дипломатия мәдени және көпшілік дипломатияның ажырамас бөлігі. Халықаралық спорттық сайыстар түрлі елдер мен құрлық халықтарының бірлігін көрсетеді. Спортшылардың дайындық деңгейі, жеңіске ұмтылысы мен жеңілістің ащы дәмін лайықты қабылдауы мемлекет бейнесін қалыптастыратын үлестердің бірі.

Осы уақытқа дейін мақала авторы «masa.kz» интернет газетінде «Қазақтың ұлттық брендтері» (http://masa.kz/article/view/id/2044), «Өңір имиджі» (http://www.masa.kz/article/view/id/2125) атты мақалалар жарық көрген болатын. Міне, осы мақала шеңберінде аталған жұмыстар төңірегінде кейбір ойлар тұжырымдалды деп ойлаймыз.

Шынында спорт феномені әлеуетті әлеуметтендіру күшіне ие. Әлемнің көпшілік лидерлері қоғамды ортақ жалпы ұлттық идеяға біріктіру, идеологияны ерекше түрде жеткізу және азаматтардың жетістіктер мен жеңіске ұмтылу жолдары арқылы ұйымдастыруға болатынын ұғынды. Демек, спорт салауатты өмір салтын қалыптастырумен бірге, қоғамға ықпал ету мүмкіндігімен қажет секілді.

Біздің жеңімпаздарымыздың медальдары қоғамдағы этносаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Тәуелсіз Қазақстанның соңғы Олимпиядалық ойындардағы жетістігі Орталық Азия аймағының көшбасшысы саналатын еліміздің алдағы уақытта спорттың қарқынды дамуына көңіл бөлу қажеттілігін көрсетті.

Қорыта келе, қазіргі күндегі спорт қоғамға жат мәдени құндылықтар мен ұнамсыз қылықтардан аластататын, жоғарғы әлеуметтік ықпалдастықтың бірігу жолдарын нығайтып, ағымдағы әлеуметтік мәселелерді ұмыттыратын қызмет түрі екені анық. Ел азаматтарының діни сенімі, саяси ұстанымына қарамастан бүкіл халықты жеңіс жолындағы жалғыз тілекті қалыптастырып біріктіретін бірден-бір әрекет. Сонымен қатар, спорт әлем халықтарын біріктіріп күш сынататын мәдениет.

Социология знания и театр: взаимосвязь с консультированием
«Әлеуметтану Энциклопедиясында» төмендегідей анықтама ұсынылады: «Білім әлеуметтануы (ағылшын – Sociology of knowledge) – білімнің әлеуметтік табиғаты мәселелерін түрлі теориялық-әдістемелік ұстанымдар бойынша зерттейтін әлеуметтанудың теориялық саласы. Бұл түсініктің қызығушылық салаларына енеді: білімнің әлеуметтік табиғатын сараптау; ойлау және оның тарихи дамуы (ойлау әлеуметтануы); қоғамның когнитивтік жүйелері мен танымдық қызметі (таным әлеуметтануы), әлеуметтанудың негізделуі (әлеуметтанудың әлеуметтануы)» [1]. Демек, ұғымның сипаттамалық белгілері ойлау және таным әлеуметтануымен ұштасып жатыр.

Сондықтан білім әлеуметтануы қоғам өмірінде пайда болған идеялар төңірегіндегі адам ойы мен әлеуметтік түсініктер мәні арасындағы өзара байланыс. Аталмыш түсінік әлеуметтанудың мамандандырылған саласы болмаса да, адам өміріне әлеуметтік ықпалдың деңгейі бойынша іргелі сұрақтарға кеңінен жауап беріп, дүние жөніндегі адамзат білімінің әлеуметтік-мәдени мәселелерін негіздейді [2].

Түсініктің ғылыми айналымға енуі жөнінде бір ғалымдар алғаш рет австриялық философ Вильгельм Иерузалем (Wilhelm Jerusalem) 1909 жылы негіздеді десе [3], келесі зерттеушілер 1920 жылдары неміс философы М. Шелер (Max Scheler) [1]  қолданғанын атап көрсетеді. Кейінірек неміс әрі британдық философы және әлеуметтанушысы К. Мангейм (Karl Mannheim) ойлаудың әлеуметтік-тарихи шарттарын айқындап зерттеу жұмыстарын жүргізсе, феноменологиялық түсіндірмелерін автриялық әлеуметтанушы П.Л. Бергер (Peter Ludwig Berger) және неміс әлеуметтанушысы Т. Лукман (Thomas Luckman)  ұсынды [4]. Дегенмен, түсініктің тарихи тамырлары мен қайнар көзі Платон еңбектерінен келе жатқаны анық [3, 74-77 бб.].

Білім әлеуметтануының негізі тәрбие беру және кеңес беру мәселелелерімен тығыз байланысты деп ойлаймыз. Себебі, тәрбие жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Өз кезегінде ол кеңес беру технологияларын жанама түрде қолданады. Бұл тұста қоғам мүшелеріне кеңес беруде өнер туындыларының алатын рөлі зор және білім әлеуметтануында лайықты орнын табатынына толықтай сенімдіміз. Мақала авторларының бірі осы уақытқа дейін кеңес беру мәселелерін зерттеумен айналысып келе жатқандықтан 2012 жылғы жарияланымында кинематография арқылы саяси кеңес берудің жолдарын [5] анықтаған болатын. Ал осы еңбекте театр өнерінің кеңес берудегі маңыздылығы мен білім әлеуметтануындағы орнын анықтауды міндет қылып отырмыз.

Театр (грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады [6].

Жалпы театр өнері арқылы көрермен ұстаным бағытын алады, мәдени тәрбиеленеді. Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық артисі, профессор Е. Обаев «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатында былай деп ой қорытады: «Ал біздегі ең басты тақырып – адам, адамды зерттеу тақырыбы. Адам мұңы, қуанышы, егемендігі, құқығы, болмысы… Осы тақырыптар көрерменді қыздырады. Себебі, сахнада адам тағдыры сөз болады. Ол тағдырға сіз міндетті түрде қатысасыз. Өйткені, ол тағдырға сіздің – көрерменнің де байланысы бар. Сондықтан көбіне адами тақырыптағы туындыларды ұсынамыз…» [7]. Аталған жағдайларға қарап, сахнадағы қойылымдар арқылы көрерменнің қазіргі қоғамда қалай өмір сүруге болатындығына бағыт беретіндігі байқалады. Осы сұхбатында театр жетекшісі журналист Е. Әбдірұлының: «Режиссер ретінде айтыңызшы, елдегі кейінгі саяси, әлеуметтік мәселелерге қатысты спектакль қояр ма едіңіз», – деген сауалына, төмендегідей жауап береді: «Қояр едім. Бірақ театрды саяси сахнаға айналдыруға болмайды. Театр мақсаты – ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Театр дегеніміз – тіл. Театр дегеніміз – тарих. Театр дегеніміз – мешіттің бір түрі. Театр дегеніміз – мектеп. Осылардың бәрін қосқанда, синтетикалық театр өнері шығады». Сондықтан ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихи қойылымдар арқылы тарихымызды таныту қоғам мүшелерін саяси әлеуметтендіру арқылы кеңес береді. Е. Обаев өнерге биліктің көзқарасы жақсы деп айта алмайтындығын, билік ешқашан театрға дұрыс көзқараспен, идеологиялық мекеме ретінде мән беріп қарамайтындығын да осы сұхбатында мойындайды.

Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры 2008 жылдың наурыз айындағы репертуарындағы мына спекткльдердің әлеуметтік-саяси маңызы ерекше деп атап өтуімізге болады: Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымы экологиялық тақырыпты қозғаса, Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтары» қазақ хандығының қалыптасуын суреттейді, Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір» музыкалық драмасы бейбітшілікке үндейді. Сонымен қатар, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтеретін «Актриса», «Күзгі романс» драмалары, «Әпке» мелодрамасы осы наурыз айының репертуарында көрсетілген [8].

Сондықтан қоғамда лайықты өмір сүру басымдығының көріністері және жаңа әлеуметтік ұстанымдар үрдісін құруда мәдени капитал маңызды рөл атқарады. Аталмыш капиталды арттыру және жетілдіре түсу жолындағы театрдың қызметі ерекше екендігін атап өткіміз келеді. Театр өнері қоғамдық ой-сананың негізгі формасы ретінде халықтың күнделікті өмір-салтындағы құндылықтарды айқындап, жағымсыз құбылыстар мен қасиеттерді көрсетеді. Кейде оған жету және арылу жолдарына таңдау жасауға ой тудырады. Адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы ретінде театр кеңес беру арқылы білім әлеуметтануының құрамдас бөлігі қызметінде көмек қолын созатындығы анық деп ойлаймыз.