УДК 32.019.51

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ СПОРТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Насимов Мұрат Өрленбайұлы
«Болашақ» университеті
саяси ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, Қызылорда, Қазақстан

Аннотация
В настоящее время спорт как явление общественной жизни получает все большее распространение и конечно же является частью политики. В первую очередь, это арена борьбы за политический престиж и соперничества больших государств. Политическое использование спорта – это расширение его интеграционных функций, причем задача спорта состоит в создании национального чувства идентификации и национального престижа. Автор в данной статье рассматривает проблемы основных функции спорта в развитии международных отношений.

Ключевые слова: Летние Олимпийские игры 2012, Международные отношения, Министерство иностранных дел РК, Олимпиада, основные функции, социальный феномен, спорт


THE MAIN FUNCTIONS OF SPORTS IN DEVELOPMENT OF THE INTERNATIONAL RELATIONS

Nassimov Murat Orlenbaevich
University "Bolashak"
candidate of Political science, Associate Professor of the Jurisprudence and public disciplines Department, Kyzylorda, Kazakhstan

Abstract
Now sports as the phenomenon of public life gain ground and certainly are part of policy. First of all, it is the fight arena for political prestige and rivalries of the big states. Political use of sports is an expansion of its integration functions, and the problem of sports consists in creation of national feeling of identification and national prestige. The author in this article considers problems of the main of function of sports in development of the international relations.

Keywords: 2012 Summer Olympics, international relations, main functions, Ministry of Foreign Affairs Republic of Kazakhstan, Olympic Games, social phenomenon, sports


Рубрика: Политология

Библиографическая ссылка на статью:
Насимов М.Ө. Халықаралық қатынастардың дамуындағы спорттың негізгі қызметтері // Гуманитарные научные исследования. 2013. № 4 [Электронный ресурс]. URL: http://human.snauka.ru/2013/04/2700 (дата обращения: 26.05.2017).

Спорт маңызды әлеуметтік феномен ретінде қоғамдық өмірдің барлық саларында жоғары бағаланған, қоғамның тіршілік әрекеттеріне зор ықпал жасайтын физикалық және интеллектуалды мүмкіншіліктерді үйлестіретін дене мәдениетінің құрамдас бөлігі. Бүгінгі күнде ол ұлттық қатынастар, іскерлік өмір, қоғамдық тұрмыс, сән үлгілері, адамгершілік құндылықтары мен адамдардың өмір салтын қалыптастыруға мол әсер ететіні анық.

Өткен жылдың 27 шілдесі мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өткен отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары спорт пен саясат тікелей өзара байланысты және келешекте де ажырамайтындығын дәлелдеді. Ал осы жылғы үлкен додада ел спортшылары Қазақстан мерейін үстем етіп, ҚР Сыртқы істер министрлігінен де жоғарғы деңгейде мемлекетіміздің халықаралық имиджін жоғарылата түсті. Спортшылар жетістіктері әлемнің барлық бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болды. Ауыр атлеттердің додада Қытай Халық Республикасынан кейін бір алтын айырмашылықта екінші орында орналасуы баға жетпес нәтиже.

Олимпиадалық ойындар антика дәуірінен бастап бейбітшілік символы ретінде танылған еді. Уақыт өте келе, халықаралық спорттық додалар саясилану деңгейі жоғарылады. Жалпы өткен ғасырда спорттық сайыстар жаһанданумен бірге, саясилана бастағанын 1980 жылғы Олимпиада ойындарына батыс елдерінің бойкот жариялап қатыспауы және төрт жылдан кейін жауап ретінде Кеңестік блоктың  Лос-Анджелестегі ойындарына қатыспауынан байқау қиын емес. Спорттың саяси науқаншылдығын 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасындағы лаңкестік қайғылы оқиғаға қарамастан КСРО билігінің Одақтың 50 жылдық мерейтойына байланысты 50 алтын медаль иелену міндеттелген мақсаттарын жалғастыруын да атап кеткен жөн шығар. Осы жылғы ойындарда Белорусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко екі жыл бұрынғы сайлаудағы азаматтық қоғам мен демократиялық оппозицияға қарсылығы үшін және Аргентина Президенті Кристина Фернандес де Киршнер Фолкленд аралы төңірегіндегі мәселелерге байланысты Олимпиаданың ашылуына да қатыса алмады.

Бұл ұсынылып отырған мәселенің саясилануындағы кемшілік жағы. Десек те, оның жағымды жақтары ұшан-теңіз. Жалпы спорт халықаралық қатынастардың дамуына үлес қосатын төмендегідей төрт негізгі қызмет түрлерін атқарады:

Спорттың халықаралық қатынастардағы ықпалдастық қызметі. Қазіргі спорт үшін көптеген халықаралық спорттық байланыстар тән. Спорт саласындағы халықаралық ықпалдастық процесінің дамуына ұзақмерзімді екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі халықаралық спорттық байланыстар тәжірибесіне енді. Спорт саласында халықаралық спорттық байланыстардың институтталған базасы қалыптасты. Спорттың жеке түрлерінің дамуын басшылыққа алатын ұлттық және халықаралық спорт федерациялары, түрлі комитеттер, федерациялар, қауымдастықтар мен одақтар жұмысы соның дәлелі.

Спорт ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуына жағымды ықпал жасап, ұлттың бірігуіне себепші болады. Халықаралық қатынастардағы спорттың ықпалдастық қызметін орындауға оның өзіне тән коммуникативтік мүмкіндіктері ықпал жасайды. Өйткені, спорт тілі бәріне түсінікті, нәсіл, діни сенім, идеологиялық көзқарастарға тәуелді емес.

Спорттың халықаралық қатынастардағы бітімгерлік қызметі. Спорт әлем тарихында әріптестікті дамыту, мәдени және саяси байланыстарды орнату мен қолдауда көп септігін тигізді. Классикалық мысал ретінде 1971 жылы стол теннисінің Америка Құрама Шттаттары спортшылары командасының Қытай Халықтық Республикасына сапары дипломатиялық байланыстардың ілгері дамуына жол ашты. Қарым-қатынасты дамыту әрекетін ҚХР спортшылары бір жылдан кейін тағы да жалғастырды. Сонымен қатар, Қытай Жапониямен экономикалық және дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін волейболдан әйелдер ұлттық құрамасын шақырған болатын. Демек, спорттық ойындардағы ережелер ынтымақшылдыққа тәрбиелеп, қақтығыстарды күш қолдану арқылы емес, ережелерді сақтау негізінде шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

Спорттың халықаралық қатынастардағы нышан-белгілік қызметі. Спорт додада белгіленген модельдер, мағыналар мен мүдделер кешенімен байланысты қызмет атқарады. Әсіресе спорттық жарыстар бәсекелестіктің бейбіт моделінің мүмкіндігі мен артықшылықтарын көрсетеді. Демек бейбітшілік нышаны ретінде спорт бәсекелестікте «қару» қолданылғанын қаламайды. Сонымен қатар, спорттық бәсекелестік барысында әділдік пен теңдік мүмкіндіктері берілген демократиялық принциптер дәрежесі сақталады.

Спорттың халықаралық қатынастардағы әлем мәдениеті педагогикасының тәрбиешілік қызметі. Соңғы жылдары спорттың әлем мәдениеті құндылықтарын ынтымақшылдық пен қақтығыстарды бейбіт шешудегі толеранттылыққа үндеу тәрбиесіне бағытталған педагогикалық қызметі жүзеге асуда. Спортшылар қызметі әлем мәдениеті құндылықтары жүйесінде маңызды рөлге ие демократиялық нормалар мен принциптерге негізделген мінез-құлықты тәрбиелеуге ықпал жасайды.

Сондықтан да спорттық дипломатия мәдени және көпшілік дипломатияның ажырамас бөлігі. Халықаралық спорттық сайыстар түрлі елдер мен құрлық халықтарының бірлігін көрсетеді. Спортшылардың дайындық деңгейі, жеңіске ұмтылысы мен жеңілістің ащы дәмін лайықты қабылдауы мемлекет бейнесін қалыптастыратын үлестердің бірі.

Осы уақытқа дейін мақала авторы «masa.kz» интернет газетінде «Қазақтың ұлттық брендтері» (http://masa.kz/article/view/id/2044), «Өңір имиджі» (http://www.masa.kz/article/view/id/2125) атты мақалалар жарық көрген болатын. Міне, осы мақала шеңберінде аталған жұмыстар төңірегінде кейбір ойлар тұжырымдалды деп ойлаймыз.

Шынында спорт феномені әлеуетті әлеуметтендіру күшіне ие. Әлемнің көпшілік лидерлері қоғамды ортақ жалпы ұлттық идеяға біріктіру, идеологияны ерекше түрде жеткізу және азаматтардың жетістіктер мен жеңіске ұмтылу жолдары арқылы ұйымдастыруға болатынын ұғынды. Демек, спорт салауатты өмір салтын қалыптастырумен бірге, қоғамға ықпал ету мүмкіндігімен қажет секілді.

Біздің жеңімпаздарымыздың медальдары қоғамдағы этносаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Тәуелсіз Қазақстанның соңғы Олимпиядалық ойындардағы жетістігі Орталық Азия аймағының көшбасшысы саналатын еліміздің алдағы уақытта спорттың қарқынды дамуына көңіл бөлу қажеттілігін көрсетті.

Қорыта келе, қазіргі күндегі спорт қоғамға жат мәдени құндылықтар мен ұнамсыз қылықтардан аластататын, жоғарғы әлеуметтік ықпалдастықтың бірігу жолдарын нығайтып, ағымдағы әлеуметтік мәселелерді ұмыттыратын қызмет түрі екені анық. Ел азаматтарының діни сенімі, саяси ұстанымына қарамастан бүкіл халықты жеңіс жолындағы жалғыз тілекті қалыптастырып біріктіретін бірден-бір әрекет. Сонымен қатар, спорт әлем халықтарын біріктіріп күш сынататын мәдениет.



Все статьи автора «Насимов Мурат Орленбаевич»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться: